Жалпы орта білім беретін пәндер бойынша «Үздік бейнесабақ» облыстық (сырттай) байқауы туралы баспасөз хабарламасы

Жалпы орта білім беретін  пәндер  бойынша «Үздік бейнесабақ» облыстық (сырттай) байқауы туралы баспасөз хабарламасы

Күні, уақыты және өткізу орны:

1 кезең  аудандық (қалалық)  - 2020 жылғы 27 сәуір- 5 мамыр

2 кезең (облыстық) –2020 жылғы 11 мамыр - 25 мамыр

2020 жылғы 27 сәуірден бастап Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті»  КММ Ақмола облысының жалпы білім беретін, облыстық мамандандырылған мектептердің педагогтарына арналған жалпы орта білім беретін пәндер бойынша «Үздік бейне сабақ» облыстық (сырттай) конкурсын өткізеді.

Байқаудың мақсаты заманауи білім беру технологияларын, әдістемелерді пайдалана отырып, жалпы орта білім беретін  пәндері бойынша үздік бейне сабақтарды іріктеу және қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мүмкіндіктерін кеңейту болып табылады.