Ақмола облысының білім басқармасы мемлекеттік қызмет алушылардың назарына «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметі туралы хабарлайды:
Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» №83 бұйрығы (2022 жылғы 30 желтоқсандағы №533 өзгерістерімен) (бұдан әрі - Ереже) негізінде көрсетіледі.
Ереженің 19-тармағы негізінде педагогтерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша:
Ақпараттық жүйе бойынша Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік), облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларына, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдеріне, білім беру ұйымдарына;
немесе «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;
немесе egov.kz. «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) өтініштер ұсынады.
Өтініш №338 бұйрыққа немесе кәсіптік стандартқа сәйкес жалпы педагогикалық өтілі ескеріле отырып, санатқа өту мерзімі мен реттілігін сақтай отырып беріледі.
Ереженің 23 тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы негізгі талаптар тізбесінде көзделген құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынбаған кезде Министрліктің, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармасының, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар бөлімінің, білім беру ұйымының жауапты қызметкері немесе Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді немесе портал арқылы жолдайды.
Мемлекеттік қызметті ақпараттық жүйе, Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы көрсету кезінде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметтер көрсету мерзіміне кірмейді.
Министрлік, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының Білім басқармалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері, білім беру ұйымдары арқылы құжаттарды қабылдау кезінде ұсынылған құжаттардың толықтығы және көрсетілген қызметті алушының осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тексеріледі, қорытындысы бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту беріледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Көрсетілетін қызметті берушіге:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) (иесіне қайтарылады) не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) білімі туралы диплом;
4) қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (бар болса);
5) жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжат.
Мемлекеттік корпорацияға:
1) өтініш;
2) білімі туралы диплом;
3) қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (бар болса);
4) жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжат.
Еgov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы:
1) өтініш
2) білімі туралы диплом;
3) қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (бар болса);
4) жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжат.
Білімі және еңбек қызметі туралы деректер электрондық үкімет шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынады. Ақпарат болмаған жағдайда өтініш беруші растайтын құжаттарды қоса береді.
Бұл ретте аттестаттаудан өту үшін тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиясы ақпараттық жүйе бойынша мынадай деректерді сұратады:
1) біліктілік санатын беру туралы куәлік және бұйрық (бұрын біліктілік санаты болған адамдар үшін);
2) кәсіби жетістіктерін растайтын құжаттар;
3) педагог-зерттеуші» немесе «педагог-шебер» біліктілік санатына-тәжірибені жинақтау;
4) сабақтарды талдау, әріптестердің, басшының орынбасарларының, басшының, әдіскерлердің, ата-аналардың пікірлері;
5) осы Қағидаларға 31-қосымшаға сәйкес педагогикалық кеңес отырысының хаттамасынан үзінді;
6) осы Қағидалармен бекітілген бағалау өлшемшарттарынан туындайтын құжаттар.
Ақпараттық жүйе болмаған жағдайда өтініш беруші растайтын құжаттарды қағаз форматта тіркейді.