Күншуақ» ойын-сауық және спорт орталығы

Күншуақ» ойын-сауық және спорт орталығы

Ақмола облысы Бурабай ауданының Щучинск қаласында мектеп оқушылары үшін «Арман» балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығындағы жыл сайынғы «Күншуақ» ойын-сауық және спорт орталығы өз есігін айқара ашты.

"Әрқашан күн сөнбесін" атты мерекелік жарқын, қызықты, пайдалы жазғы демалыс маусымының  ашылуында ырғақты билер, көңілді әндер мен ертегі кейіпкерлері болды.

«Арман» орталығында балалар ойын бағдарламаларына, түрлі үйірмелерге қатысу арқылы шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыра алады, сонымен қатар құрдастарымен қарым-қатынас жасау тәжірибесін жинақтай алады.

Балаларға жақсы демалыс және жарқын әсер тілейміз!