Қ. Сәтбаев атындағы ХІ аймақтық олимпиадасының қорытындысы

Қ. Сәтбаев атындағы ХІ аймақтық олимпиадасының  қорытындысы

2023 жылғы 3-6 мамыр аралығында Павлодар облысының Баянауыл кентінде Қ. Сәтбаев атындағы ХІ аймақтық олимпиада өтті, оған 10 облыс пен Астана, Алматы қалаларынан және Назарбаев Зияткерлік мектептерінен жаратылыстану-математика ғылымдарының 137 жас маманы жиналды. Биыл Олимпиадаға алғаш рет Жетісу, Ұлытау облыстарының оқушылары қатысты.

Қатысушылар математика, физика, химия, биология, география, информатика бойынша тапсырмаларды орындады.

Олимпиада көрнекті ғалым, Қазақстан ғылымының негізін қалаушы, еліміздің ғылым Академиясының тұңғыш Президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтің құрметіне арналған.

Олимпиада 2 турда өтті:

I тур- 3 бағыттың бірін таңдау бойынша жеке жазбаша түрде:
- математикалық (математика, физика, химия пәндерінен кіріктірілген тапсырмалар);
- жаратылыстану-ғылыми (химия, биология, география пәндерінен кіріктірілген тапсырмалар);
- бағдарламалау (тілдердің бірінде есептерді шешу: Pascal, С++, Python).

II тур- жазбаша және ауызша түрде (теория және практика) 6 пәннің бірі таңдау бойынша, математика, физика, химия, биология, география - ауызша, информатика - жазбаша. 2-турдың практикалық тапсырмаларының шешімдері қазылар алқасының мүшелеріне ауызша тапсырылады. Әр тапсырма бойынша қатысушы екі тәсілден артық жасай алмайды.

Олимпиада қорытындысы бойынша І орынды 12, ІІ – 14, ІІІ – 38, құрмет грамоталарын 10 оқушы иеленді.
Математика пәні бойынша І дәрежелі диплом – 3; ІІ дәрежелі диплом - 3; ІІІ дәрежелі диплом - 8.

Физика пәні бойынша І дәрежелі диплом - 3; ІІ дәрежелі диплом - 4; ІІІ дәрежелі диплом - 6.

Химия пәні бойынша І дәрежелі диплом – 1; ІІ дәрежелі диплом - 3; ІІІ дәрежелі диплом – 8; Құрмет грамоталары - 3.

Биология пәні бойынша І дәрежелі диплом – 1; ІІ дәрежелі диплом - 2; ІІІ дәрежелі диплом – 5; Құрмет грамоталары - 4.

География пәні бойынша І дәрежелі диплом – 2; ІІ дәрежелі диплом – 1; ІІІ дәрежелі диплом – 6; Құрмет грамоталары – 3.

Информатика пәні бойынша І дәрежелі диплом - 2; ІІ дәрежелі диплом - 1; ІІІ дәрежелі диплом - 5.

Ақмола облысынан 12 дарынды оқушы қатысты. Ақмола облысы білім басқармасының «Білім – инновация» лицей-интернатының 7-сынып оқушысы Мұғжан Дінмұхаммед «Информатика» пәні бойынша ІІІ-дәрежелі дипломмен, қола медальмен және бағалы сыйлықпен марапатталды. «Химия» пәні бойынша Ақмола облысы білім басқармасының «Білім – инновация» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы Қайдаров Әділжан грамотамен марапатталды.

Жеңіспен шын жүректен құттықтаймыз және жаратылыстану пәндерін түсінуде одан әрі табыс тілейміз!!!