Ақмола облысының лагерлері қонақтарын қарсы алуда !

Ақмола облысының лагерлері қонақтарын қарсы алуда !

Ақмола облысының лагерлерінде 2023 жылдың алғашқы жазғы ауысымның жұмысы басталды.

Естеріңізге сала кетейік, қаладан тыс демалыс 13 балалар сауықтыру орталығының (8 мемлекеттік, 5 жекеменшік) базасында жүзеге асырылатын болады. Мемлекеттік лагерьлер Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау және Атбасар, Ақкөл, Зеренді, Бурабай, Ерейментау, Сандытау ауданында жұмыс істейтін болады. Жеке лагерьлер Бурабай және Зеренді аудандарында орналасқан.

Бүгінгі күнде аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарының жұмысына 2 қала сыртындағы лагерь рұқсат алды: олар Зеренді ауданындағы «Сұңқар» сауықтыру орталығы және Бурабай ауданындағы «Звездный» балалар сауықтыру орталығы. 4-5 маусымда осы қала орталықтарына 570 бала демалуға келді, оның ішінде 381 оқушы тегін демалуда.

Атап өткіміз келеді, қазіргі таңда Оқу-ағарту министрлігімен бірлесе отырып, Ақмола облысының ауылдық округтеріндегі 5-8 сыныптардағы 640 оқушының «Қазақстан халқына» қорының қаражатынан тегін демалысын ұйымдастыру мәселесі қаралды. Бұл балалар оқу озаттары, шығармашылық және зияткерлік байқаулар мен фестивальдердің жеңімпаздары. 4 маусымнан бастап 191 оқушы «Жаздық жолдама» жобасы бойынша «Сұңқар» сауықтыру кешені базасында демалып жатыр.

Жаз мезгілінде облыс пен республиканың қала сыртындағы лагерлерінде  12700 мыңға жуық ақмолалық оқушыны қамту жоспарлануда. Бұл балалардың 1500-і тегін демалатын болады. Жалпы оқумен қамту қорынан халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балаларға арналған жолдамалар сатып алуға шамамен 85,5 млн теңге жоспарланған (2022 жылы жалпыға бірдей білім беру қорынан 1438 оқушының жазғы демалысына 82 500 мың теңге бөлінді). Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы лагерлерінде демалуына бюджет тапшылығы 1 280,6 млн теңгені құрайды.

Сондай-ақ, жаз мезгілінде облыстың 450 оқушысы республикалық «Балдәурен» орталығының филиалдарына барады.

5 маусымнан бастап қосымша 34 мыңнан астам баланы қамтитын тамақтанатын 217 мектеп жанындағы алаң және 36 мыңға жуық оқушыларды қамтитын тамақтанбайтын 286 мектеп жанындағы алаң ашылды.