Алғашқы жазбаша емтихан

Алғашқы жазбаша емтихан

Ағымдағы жылдың 5 маусымында облыста 11-сынып оқушыларына арналған Қазақ тілі /Орыс тілі (оқыту тілі) бойынша алғашқы жазбаша емтихан өтуде.

2022-2023 оқу жылында орта мектепті 11-сыныптың 4597 түлегі (2655 мемлекеттік және 1942 орыс тілінде) аяқтайды, оның 247-сі "Алтын белгі" төс белгі алуға үміткерлер және 334-і үздік жалпы орта білім туралы аттестатқа үміткерлер.

Ауырып қалғанына байланысты емтихандардан 71 оқушы, сондай-ақ спорттық халықаралық жарыстардың 2 қатысушысы босатылды.