Ақмола облысында жазғы алаңдары жұмысын бастады

Ақмола облысында жазғы алаңдары жұмысын бастады

2023 жылғы маусымның бірінші күндері «Арман» балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығындағы «Күншуақ» ойын-сауық және спорт алаңы  Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласының мектеп оқушылары үшін тағы да қонақжайлылықпен есігін айқара ашты.

 “Әрқашан күн сөнбесін” атты мерекелік жарқын, қызықты, пайдалы жазғы демалыс маусымының  ашылуында ырғақты билер, көңілді әндер мен ертегі кейіпкерлері болды.

«Арман» орталығында балалар ойын бағдарламаларына, түрлі үйірмелерге қатысу арқылы шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыра алады, сонымен қатар құрдастарымен қарым-қатынас жасау тәжірибесін жинақтай алады.

Естеріңізге сала кетейік, қала сыртындағы демалыстан басқа, 5 маусымнан бастап мектептерде 34 200 бала қатысатын 217 тамақтанатын мектеп алаңдары және 35 700 оқушы қатысатын тамақсыз 286 мектеп ойын алаңдары ұйымдастырылады. Халықтың әлеуметтік осал топтарының балаларына арналған мектеп жанындағы лагерьде тамақтандыру тегін, қалған балалар ата-анасының есебінен тамақтанады.

Тәуекел тобындағы балаларды және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтарындағы балаларды толық қамту үшін биылғы жылы жаз мезгілінде 1 700 баланың қатысуымен балалардың жазғы демалысының 47-ге жуық арзан түрімен жұмыс жасау жоспарлануда. Бұл өлкетану саяхаттары, экскурсиялар, шатыр, киіз үй лагерлері.

25 600-ге жуық бала ата-анасының төлемі есебінен демалады.

Осылайша биыл 110 мыңға жуық бала  сауықтыру және демалыстың барлық түрлерімен қамтылатын болады.