Есіл ауданы Ақсай ауылында инклюзивті білім беруді қолдау кабинеті ашылды

Есіл ауданы Ақсай ауылында инклюзивті білім беруді қолдау кабинеті ашылды

Инклюзивті білім беру - бұл ерекше қажеттіліктері бар балаларға білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз ететін барлық балалардың әртүрлі қажеттіліктеріне бейімделу тұрғысынан барлығына білім берудің қолжетімділігін білдіретін жалпы білім беруді дамыту процесі. AMANAT партиясының «Кедергісіз келешек-тосқауылсыз болашақ» жобасы аясында ЕББҚ бар балалар диагнозына қарамастан мектепте оқуға мүмкіндік алады. Инклюзивті білім беруді қолдау кабинеті «Инклюзивті білім беруді қолдау ресурстық кабинеттерінің желісін кеңейту» жоспарына сәйкес ашылды.

«Мектепте 118 бала бар, олардың 8-і ерекше білім беру қажеттіліктері бар, олар педагогтар тарапынан ерекше қолдауды қажет етеді. Жыл сайын Есіл ауданында және елде қосымша қолдауды қажет ететін ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар саны артып келеді, осыған байланысты инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттерін ашу қажеттілігі туындайды. Мектеп қабырғасында орналасқан инклюзивті білім беруді қолдау ресурстық кабинеті достық атмосферасында білім алу ЕББҚ бар балалардың дамуына ықпал етеді. Енді мектеп оқушылары оқу үдерісінен шықпай, өз қажеттіліктеріне сәйкес көмек ала алады», - дейді облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің бас маманы Марал Коспанова.

Мектеп әкімшілігі бірінші қабатта жалпы ауданы 50 м2 болатын кабинетті анықтады. Инклюзияны қолдау кабинеті төрт аймақты қамтиды: жеке сабақтар аймағы; сенсорлық жүктемені түсіру аймағы, мұғалім аймағы және ата-аналарға арналған аймақ бар.

Әрбір ИҚК-де мұғалім бар, тұрақты сыныптан айырмашылығы, оның жұмысы аз балаларды оқытуға негізделген. Кабинет мамандары - дефектолог, логопед, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, ЕББҚ бар балалармен психологиялық-педагогикалық, түзету-дамыту жұмыстарын ұйымдастырады.

Айта кетейік, ауданнда осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады: 2024 жылы Красивое а.Жалпы білім беретін мектебінің және 2025 жылы Есіл қаласының №1 жалпы білім беретін мектебінің базаларында инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттерін ашу жоспарлануда.