«Болашақ жастардың қолында» атты облыстық жайдарманның қорытындысы

«Болашақ жастардың қолында»  атты облыстық жайдарманның қорытындысы

2023 жылдың 1 маусым күні Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы «Болашақ жастардың қолында»  атты облыстық жайдарман өткізді.

Мақсаты: Қатысушылардың рухани, адамгершілік және мәдени қажеттіліктері мен құндылықтарын қалыптастыру, эстетикалық, көркем талғамдарын дамыту. Балалар мен жасөспірімдер бастамаларын дамыту. Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру.

Сайыс төмендегі кезеңдер бойынша өтті:

- Сәлемдесу (визит картасы) «Армандостар»;

- Музыкалық қобдиша «Бақыт деген – сенің бала күндерің»;

- СТЭМ «Балалық шақ толқынында».

«Болашақ жастардың қолында» атты жайдарманда облысымыздың аудан/ қалаларынан 11 топ бағын сынады. 

Жайдарман қорытындысы бойынша төмендегідей жеңімпаздар анықталды:

1 орын – Қосшы қаласы, «Қосшы» командасы;

2 орын – Жақсы ауданы, «Васаби» командасы;

2 орын – Атбасар ауданы, «Джентельмены удачи» командасы;

3 орын – Сандықтау ауданы, «Бірлік» командасы;

3 орын – Жарқайын ауданы, «Угол Юрты» командасы;

3 орын -   Зеренді ауданы, «Арыстан» командасы;

« Үздік шоу » номинациясы – Целиноград ауданы,  «Миллиард» командасы;

«Үздік ойыншы» номинациясы – Қосшы қаласы, Садық Талант.

Жеңімпаз командалар диплом және сыйлықтармен, ал жеңген командалардың жетекшілері алғыс хаттармен марапатталады. Барлық қатысушыларға қатысқандары үшін сертификаттар табысталады.