«Мамандықтар әлемін ашамыз» Республикалық форумың қорытындысы

«Мамандықтар әлемін ашамыз» Республикалық форумың қорытындысы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен ҚР ОАМ-нің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК арасындағы 2023 жылғы 28 ақпандағы No5/ГЗ шартты орындау мақсатында «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумын 2023 жылғы мамырда қашықтық форматында ұйымдастырылып өткізілді.

Форум болашақ мамандықты сәтті таңдау үшін білім алушылардың кәсіптерді зерделеуге шығармашылық көзқарасын жандандыру, балаларда әртүрлі кәсіптер мен еңбек әулеттерінің өкілдеріне деген құрмет сезімін тәрбиелеу, білім алушылар мен педагогтерді бірлескен қоғамдық маңызы бар кәсіптік бағдар беру қызметіне тарту, жұмысшы кәсіптерінің беделін көтеру мақсатында өткізілді.

Форумға облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалалық кезеңдерінің 180 жеңімпазы қатысты. Ақмола облысынан 9 бала қатысты.

Қазылар алқасының мүшелері форумды қорытындылай келе, 27 жеңімпазды анықтады.

Олардың ішінде Ақмола облысынан Көкшетау қаласы, №15 негізгі орта мектебінің 9 сынып оқушысы Титуленко Анатолий Евгениевич «Болашақтың мамандығы» номинациясы бойынша 3 орынға ие болса, Красный яр ауылының №3 көппрофильді мектеп гимназиясының 10 сынып оқушысы Мухамметжанов Алихан «Менің кәсібім – менің бизнесім» номинациясы бойынша 2 орын жүлдегері атанды.