«Мектепке дейінгі ұйымда жаңа инновациялық технологияларды қолдану арқылы баланың танымдық қабілеттерін арттыру» атты облыстық семинар-практикум

«Мектепке дейінгі ұйымда жаңа инновациялық технологияларды қолдану арқылы баланың танымдық қабілеттерін арттыру» атты облыстық семинар-практикум

Ақмола облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Қосшы қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен және білім бөлімімен бірлесіп 2023 жылғы 26 мамырда Қосшы қаласы «Алтын дән» Мемлекеттік балабақшасы мен «Бал-Бала» жеке балабақшасының базасында «Мектепке дейінгі ұйымда жаңа инновациялық технологияларды қолдану арқылы баланың танымдық қабілеттерін арттыру» атты облыстық семинар-практикум өткізілді.

Іс-шараға облыстың барлық аудандарынан мектепке дейінгі білімге жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері, балабақша меңгерушілері мен балабақша әдіскерлер шақырылды.

Семинарды білім бөлімінің басшысы Ахметов Қанат Есембекұлы, облыстық білім бөлімінің  бас маманы Майбах Андрей Эдвардович құттықтау сөз сөйледі.

Семинар қатысушыларына әдістемелік көрме ұсынылды. Білім бөлімінің әдіскері Мейрманова Гаухар Қабжаппарқызы өз баяндамасында Қосшы қаласындағы мектепке дейінгі білім берудің жағдайын, шығармашылық жұмысын, мектепке дейінгі мекемелердің педагогтары мен тәрбиеленушілерінің жетістіктерін, сондай-ақ қолданылатын заманауи технологиялар мен олардың нәтижелерін атап өтті.

Семинар бағдарламасына сәйкес педагогтар әр түрлі инновациялық технологияларды қолдана отырып, танымдық, коммуникативтік, шығармашылық дағдыларды дамыту бойынша барлық жастағы топтардың балаларымен ұйымдастырылған іс-шаралар бойынша сабақтар өткізді. Ертегі терапиясы, фототерапия, құм терапиясы, «Тәй тәй» технологиясы мен робототехниканы қолдана отырып ұйымдастырылған іс-шаралар бойынша семинарға қатысушылармен шеберлік сыныптары көрсетілді.

Семинар қорытындысы бойынша сабақ өткізген педагогтарға грамоталар мен семинарды ұйымдастырушыларға алғыс хаттар табыс етілді.  Іс-шара жоғары әдістемелік деңгейде өтті.