Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадасының қорытындысы

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадасының қорытындысы

2023 жылғы 19 мамыр күні онлайн режимде жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадасы өтті.

Олимпиада орта буын оқушыларының зияткерлік қызметке және ғылыми білімге қызығушылығын дамыту, дарынды балалармен жұмысты іске асыру шеңберінде оқушылардың қабілеттерін, бейімділіктерін іске асыру, ерте бейіндеу үшін жағдай жасау, республикалық пәндік олимпиадаларға қатысу үшін жоғары ынталандырылған білім алушыларды анықтау мақсатында өткізілді.

Олимпиаданың республикалық кезеңі «Оқулық» онлайн платформасында «1 компьютер – 1 оқушы – 1 камера» ережесімен өткізілді.

Олимпиада 8 пән бойынша (математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқитын сыныптардағы қазақ тілі, қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы) тест жүзінде өтті, сұрақтар 3 деңгейге бөлініп, максималды ұпай саны 50-ге тең болды.

Олимпиадаға жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңінің 16 жеңімпазы қатысты: 5 сынып - 8 оқушы, 6 сынып - 8 оқушы.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша ІI-дәрежелі  дипломмен марапатталған оқушылар:

  1. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша Уразбаева Ақниет – Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Л.Н.Толстой атындағы № 4 мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушысы;
  2. Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша Қатқай Айару – Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 6 мектеп-лицейінің 5-сынып оқушысы;
  3. Орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі пәні бойынша Никифоров Владимир – Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының техникалық лицейінің 6-сынып оқушысы.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша ІІI-дәрежелі  дипломмен марапатталған оқушылар:

  1. Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша Нерубина Алина – Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Красный Яр ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы;

 2.Қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі пәні бойынша Нұрлан Дария –  Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 7 мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы;

3.Математика пәні бойынша Мәжит Саян – Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласы №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы;

4.Жаратылыстану пәні бойынша Асылбек Линара – Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 7 мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы;  

5.Қазақстан тарихы пәні бойынша Ерсайын Арнұр – Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Сабынды ауылының Үсенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы;

6.Ағылшын тілі пәні бойынша Ерназар Ержан – Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы білім бөлімі бойынша Жібек жолы ауылының И.Құтпанұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің 5-сынып оқушысы.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша грамотамен марапатталған оқушылар:

1.Математика пәні бойынша Кореев Кирилл – Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қабанбай батыр  ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 5-сынып оқушысы;

2.Қазақстан тарихы пәні бойынша Гроцкая Дарья – Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 1 мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушысы.

Біздің жас олимпиадашыларды шын жүректен құттықтаймыз!!!