2023 жылғы 10-13 мамыр күндері аралығында 8-11 сынып оқушылары арасында дәстүрлі ІІІ Республикалық Мәшһүр-Жүсіп оқулары Павлодар қаласында өткізілді. Республика бойынша 17 облыстан 63 дарынды оқушылар қатысты. Байқау қатысушыларына Павлодар қаласының көрнекті орындарына саяхат ұйымдастырылды.
Байқаудың негізгі мақсаты – философ-ақынның рухани мұрасын дәріптеу, шығармаларында бейнеленген туған жерге сүйіспеншілік, белсенді азаматтық ұстанымды өскелең ұрпақта тәрбиелеу; тұлғаның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту.
Байқау 4 бағыт бойынша өткізілді:
I бағыт – «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» ақындар мүшәйрасы.
II бағыт – «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» атты ғылыми жоба қорғау.
III бағыт - «Білімді зерек адам болам!» - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» эссе жазу бағыты.
IV бағыт - «Мәшһүр-Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері»
Байқауға Ақмола облысының ІІІ Республикалық Мәшһүр-Жүсіп оқулары облыстық кезеңінде 1 орын алған 2 жеңімпаз қатысты.
Мәшһүр-Жүсіп оқуларының қорытындысы бойынша:
2.Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының Мәлік Ғабдуллин атындағы № 3 көпсалалы гимназиясының 10-сынып оқушысы Ақылбай Диас «Мәшһүр-Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері» бағыты бойынша сертификат алды.
Шың жүректен құттықтаймыз!!!