Облыстық байқауда үздік әдістемелік әзірлеме таңдалды

Облыстық байқауда үздік әдістемелік әзірлеме таңдалды

Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы 2023 жылғы 27-29 наурыз аралығында дене шынықтыру, АӘД оқытушылары, туристік –өлкетану бағыты бойынша қосымша білім беру педагогтері үшін облыстық әдістемелік әзірлемелер, ұсынымдар мен құралдар байқауын өткізді.

Байқаудың негізгі мақсаты: Ақмола облысының білім беру ұйымдарының дене шынықтыру, АӘД және қосымша білім беру педагогтары бағытында жұмыс істейтін педагогтардың әдістемелік жұмысын жетілдіру және шығармашылық әлеуетін дамыту.

Облыстық байқаудың жұмыстарын бағалаған қазылар алқасы:

1.Коскулакова Бақыт Кеңесқызы – Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды  анықтау және қолдау жөніндегі орталығының директордың орынбасары;

2.Тулемисова Сауле Бегалиқызы – Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік   орталығының әдіскері;

3.Букин Виктор Владимирович - Көкшетау қаласының техникалық лицейінің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі.

Жұмыстар келесі критерийлер бойынша бағаланды:

  1. Материалдардың байқаудың мақсатына, міндеттері мен тақырыптарына сәйкестігі;
  2. Материалдың әлеуметтік маңызы және әдістемелік құндылығы;
  3. Жұмысты ұсынудың қисындылығы мен дәйектілігі;
  4. Практикалық іске асыру деңгейі;
  5. Жаңашылдық дәрежесі, қызметтің өнімді әдістерін дамытуға бағытталғандығы;
  6. Құралдарға ұсынылған құрылымының талаптарға сәйкестігі;
  7. Материалдардың ғылыми принциптерге және білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестігі.

Қазылар алқасының бағалау нәтижелері бойынша үздік әдістемелік жұмыстар анықталды:

1 орын – Чарушин Дмитрий Юрьевич, Атбасар ауданы;

2 орын– Ломова Любовь Ивановна, Аршалы ауданы;

3 орын – Нағашыбаев Нұрболат Ермұратұлы, Атбасар ауданы;

3 орын – Укай Амангүл, Целиноград ауданы.

Барлық қатысушылар сертификаттар алды, байқау жеңімпаздары Ақмола облысы білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

Құттықтаймыз! Шығармашылық табыс тілейміз!