АҚМОЛАЛЫҚ ОҚУШЫЛАР "ЗЕРДЕ" ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАР БАЙҚАУЫНДА 15 МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

АҚМОЛАЛЫҚ ОҚУШЫЛАР "ЗЕРДЕ"  ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАР БАЙҚАУЫНДА 15 МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» РҒПО ағ.ж. 16-18 наурызы аралығында «Балдәурен» РОСО базасында 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының «Зерде» ХVIІI республикалық конкурсын өткізді.

Конкурстың мақсаты – балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.

Конкурс 12 секция бойынша өткізілді, олар қазақ, орыс, ағылшын тілдері мен әдебиеті; математика, қолданбалы математика; физика, ғарыш; туризм және спорт; тарих, өлкетану және т.б.

Республикалық кезеңнің ең үздігі атану үшін Қазақстанның барлық облыстарынан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 252 мектептен 569 қатысушы бәсекеге түсіп, бақтарын сынады, соның ішінде 24 ақмолалық оқушы бар.

"Зерде" республикалық байқауының қорытынды кезеңінің нәтижесі бойынша біздің қатысушыларымыз 15 жүлделі орынға және мадақтамаға ие болды!!! Атап айтқанда: Гран-При -2, 1 орын-2, 2 орын-6, 3 орын -5 және грамота-4.

Құттықтаймыз!