«Шексіз шығармашылық» Республикалық байқауына 250-ден астам ақмолалық оқушылар қатысты

«Шексіз шығармашылық» Республикалық байқауына 250-ден астам ақмолалық оқушылар қатысты

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы «Ризашылық – мейірімділік бұлағы»  жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы аясында ерекше білім беруді қажет ететін балалар арасында «Шексіз шығармашылық» республикалық қашықтық байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты: ерекше білім беруді қажет ететін балалардың бейнелеу қызметіндегі, сәндік-қолданбалы өнердегі шығармашылық әлеуетін анықтау және ынталандыру, сондай-ақ шығармашылық қызметтерін ынталандыру және қолдау арқылы оларды әлеуметтік оңалту.

Ақмола облысынан шығармашылық байқауға Ақмола облысының 13 ауданнан, 3 қаладан, №19 ЖОББМ жалпы 255 оқушы қатысып, оның  54 жүлделі орындарға ие болды.

«Шексіз Шығармашылық» республикалық байқауы келесі 3 номинацияда өткізілді:

«Казақстан – менің алтын бесігім» суреттер байқауы;

«Алтын қолдар» сәндік-қолданбалы өнер;

«Шексіз әлем балалар көзімен» жеке шығармашылық өлеңдер байқауы.

Байқаудың қорытындысы, жеңімпаздардың дипломдары, олардың жетекшілеріне алғыс хаттар, қатысушылардың сертификаттары www.ziyatker.org сайтында орналастырылды.

Барлық қатысушыларды құттықтаймыз!