9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың ІІ (аудандық, қалалық) кезеңін өткізу қорытындысы

9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың ІІ (аудандық, қалалық) кезеңін өткізу қорытындысы

30 қаңтар мен 3 ақпан аралығында Ақмола облысының 20 тірек мектебінде 2022-2023 оқу жылының 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың ІІ (аудандық, қалалық) кезеңі өтті. Бұл күндері олимпиадаға 4214 оқушы қатысты.

Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды іріктеу және даярлау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделін көтеру.

ІІ (аудандық/қалалық) кезең классикалық олимпиадалық тапсырмалар түрінде өткізу кестесіне сәйкес бір турда өткізілді. ІІ (аудандық/қалалық) кезеңді облыс аудандарының (қалаларының) білім бөлімдері аудандық немесе қалалық деңгейде өткізді.

Академиялық адалдық пен ашықтықты сақтау мақсатында олимпиада электрондық форматта «El Umiti цифрлық онлайн платформасы» ақпараттық жүйесінде вебкамера, фотофиксациямен прокторинг сервисін қолданумен әр минут сайын түсіру арқылы өтті. Олимпиаданы өткізудің барлық процесі жазумен және тікелей эфирмен Youtube арнада қамтамасыз етілді. Олимпиаданы өткізудің барлық күндеріне мүдделі емес үшінші тұлғалар шақырылды: ата-аналар комитеттерінің өкілдері, журналистер, ғалымдар мен ЖОО оқытушылары.

Қатысушыларға тапсырмаларды алу үшін жеке логин және пароль, жауап бланкісі берілді. Олимпиада «1 компьютер-1 оқушы-1 камера» принципі бойынша өтті. Олимпиада ережесіне сәйкес, апелляцияны екінші күні өткізу қарастырылған.

Олимпиада хаттамалары мен құпия сөздермен кодталған қатысушылардың жұмыстары күнбе-күн сканерленіп, Ақмола облысы білім басқармасының аудандардың (қалалардың) білім бөлімдерінің ресми сайттарына жарияланып отырды.

Олимпиаданы өткізуге дейін және оның барысында атқарылған барлық жұмыстар тапсырмалардың ағып кету қаупін азайту мақсатында жүргізілді және ІІІ (облыстық) кезеңге қатысушыларды әділ іріктеуге ықпал етті.

Олимпиада 2 бағыт бойынша (жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық) 15 жалпы білім беретін пәннен өтті.

Жаратылыстану-математикалық бағыт: математика, физика, химия, биология, география, информатика;

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, Қазақстан тарихы, құқықтану негіздері, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі.

Олимпиаданың бірінші күніне 688 оқушы қатысты. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша олимпиадалық тапсырмаларды: математика пәнінен-424 оқушы, физика пәнінен - 264 оқушы орындады.

Олимпиаданың екінші күні, олимпиаданы өткізу кестесіне сәйкес, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 5 пән бойынша 1001 оқушы қатысты. Орыс тілінде оқытатын сыныптарда қазақ тілі бойынша олимпиадалық тапсырмаларды 192 оқушы, неміс тілі бойынша – 17 оқушы, француз тілі бойынша – 6 оқушы, Қазақстан тарихы бойынша – 492 оқушы, орыс тілі мен әдебиеті бойынша – 294 оқушы орындады.

Олимпиаданы өткізудің үшінші күніне 888 оқушы қатысты. География пәнінен олимпиадалық тапсырмаларды 420 оқушы, информатика пәнінен 211 оқушы, қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі пәнінен 257 оқушы орындады.

Олимпиаданың төртінші күні 702 оқушы қатысып, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша өз білімдерін көрсетті: «Химия» пәні бойынша - 249 оқушы, «Биология» пәні бойынша - 453 оқушы.

Олимпиаданың бесінші күні 935 оқушы қатысты, оның ішінде қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша: «Ағылшын тілі» – 426 оқушы, «Қазақ тілі» – 340 оқушы, «Құқықтану негіздері» – 169 оқушы.

Олимпиаданы өткізу кезеңінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы 6 пән бойынша - 2021 дарынды оқушы қатысты.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 9 пән бойынша - 2193 Ақмола оқушысы қатысты.

Барлық қатысушыларды ІІ (аудандық/қалалық) кезеңнің аяқталуымен құттықтаймыз және жаңа жеңістер мен жаңа жетістіктер тілейміз!!!