Облыстық семинарда әдебиеттік оқуды оқытудың негізгі мәселелері талқыланды

Облыстық семинарда әдебиеттік оқуды оқытудың негізгі мәселелері талқыланды

2023 жылғы 3 ақпанда Ақмола облысы білім басқармасының Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті «Алматыкітап» баспасымен бірлесіп бастауыш сынып мұғалімдері мен білім бөлімдерінің әдіскерлеріне «Алматыкітап» баспасының оқулық авторларымен семинар өткізді.

Семинар барысында 2-4 сыныптарға арналған «Әдебиеттік оқу» оқулығының авторлары: цифрлық контент департаментінің басшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Рысқұлбекова Әсима Дәулетбекқызы, Мүфтибекқызы Зубайда, «Қазақ тілі» оқулығының авторы (орысмектептеріне арналғанган): Дәулеткереева Нұрлыгүл Жүзбайқызы қатысты және жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Семинардың барлық қатысушылары оқулықтың құрылымымен, жұмыс дәптерлерінің мазмұнымен, сондай-ақ электронды оқулықтармен танысты.

Жұмыс барысында семинарға қатысқан барлық мұғалімдер авторлармен әдебиеттік оқуды оқытудың негізгі мәселелерін талқылады, сондай-ақ мектептің білім беру-тәрбие процесінде электрондық оқулықтың «TopIQ» платформасын қолдану бойынша сұрақтарға толыққанды жауаптар алды.