Ақмола облысы білім басқармасы қызметінің 2022 жылғы қорытындылары бойынша алқа отырысы өтті

Ақмола облысы білім басқармасы қызметінің 2022 жылғы қорытындылары бойынша алқа отырысы өтті

Бүгін, 3 ақпанда «Bolashaq saraiy»-нда облыс әкімінің орынбасары А.Б.Әміренованың қатысуымен Ақмола облысы білім басқармасы қызметінің 2022 жылғы қорытындылары бойынша алқа отырысы өтті. 

Іс-шарада тағы 2021-2025 жылдарға арналған «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру аясындағы 2023 жылға арналған міндеттер туралы айтылды.

Алқаға облыс әкімінің орынбасары А.Б.Әміренова, білім бөлімі басшысының орынбасарлары және бөлім басшылары, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің басшылары, ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының басшылары. Оған қоса мемлекеттік органдардың басшылары, кәсіподақ ұйымының және БАҚ өкілдері шақырылды.

 «Педагогикалық кадрлардың кәсіби деңгейін көтеру үшін, оған қоса білім беру ұйымдарының басшылары мен басшысының орынбасарларын аттестаттаудың жаңа форматын, сондай-ақ басшыларды ротациялау тетігін белсенді түрде іске қосу қажет. Бұл педагогтар мен басшылардың кәсіби шеберлігін материалдық тұрғыдан ынталандырып қана қоймай, оқушылардың оқу сапасын арттыруға, басқарушылық шешімдерді қазіргі деңгейде қабылдауға және іске асыруға мүмкіндік береді» - деп өз сөзінде Алтынай Әміренова атап өтті.

Алқа отырысында балалар жылының қорытындысы және кәмелет жасқа толмаған балалардың құқығын қорғау мен тәрбие мәселелері, облыстың техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту жөніндегі міндеттері, педагогтің кәсіби өсуіне жағдай жасаудағы әдістемелік қызметтің рөлі бойынша және Ақмола облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті мен білім басқармасының білім берудің өңірлік мәселелерін шешудегі өзара іс-қимылы туралы баяндамалар жасалды.

Соңында баяндамалар негізінде алқаның жұмысы қорытындыланды.