«Қазақстан – менің алтын бесігім» республикалық қашықтық балалар фестивалінің облыстық іріктеу кезеңі өтті

«Қазақстан – менің алтын бесігім» республикалық қашықтық балалар фестивалінің облыстық іріктеу кезеңі өтті

2023 жылғы 1 ақпан  күні Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты  жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы жетім балалар мен ата-анасыз қалған балаларға арналған ұйымдардың тәрбиеленушілері арасында «Қазақстаным-менің алтын бесігім» республикалық балалар фестивалінің облыстық іріктеу кезеңін өткізді.

Фестивалдің мақсаты жетім балалар мен ата-анасыз қалған балалардың шығармашылық әлеуетін ашу, қазақстандық қоғамның дәстүрлі  мәдени, рухани және адамгершілік құндылықтарына негізделген  азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру үшін табысқа жету жағдайын жасау болып табылады.

Байқауға Ақкөл қаласының балаларды қолдау орталығынан, Урюпинка а. «Балабақша-мектеп-интернаты» арнайы кешенінен және Сандықтау ауданы, Сандықтау а. облыстық өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығынан 32 тәрбиеленуші қатысты. 

Фестиваль келесі номинациялар бойынша өткізілді: «Жүрек жылуы» вокалистер байқауы; «Бейбітшілік тұтқасы – бірлік бесігі» халық биі байқауы; «Ризамын халқыма!» театр байқауы.

Қазылар алқасының шешімімен келесі жеңімпаздар анықталды:

«Жүрек жылуы» вокал номинациясы бойынша:

11-14 жас санаты:

І орын – Амбросенюк Алевтина, Ақкөл қаласының балаларды қолдау орталығы;

ІІ орын – Ресслер Светлана, Ақкөл қаласының балаларды қолдау орталығы;

ІІІ орын -  Достовалова Анна, Сандықтау ауданы, Сандықтау а. облыстық өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы;

ІІІ орын – Батталов Жандос, Ақкөл ауданы, Урюпинка а. «Балабақша-мектеп-интернаты» арнайы кешені;

ІІІ орын – Матюшенко Анастасия,  Ақкөл ауданы, Урюпинка а. «Балабақша-мектеп-интернаты» арнайы кешені;

15-17 жас санаты:

І орын – Митрошенко Рузана,  Ақкөл қаласының балаларды қолдау орталығы;

ІІІ орын – Достовалова Виктория, Сандықтау ауданы, Сандықтау а. облыстық өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы;

«Татулықтың тұғыры – бірліктің беігі» хореография номинациясы бойынша

І орын – «Смайл» би ұжымы,  Ақкөл қаласының балаларды қолдау орталығы;

ІІ орын – би ұжымы, Сандықтау ауданы, Сандықтау а. облыстық өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы;

ІІІ орын -  би ұжымы,  Ақкөл ауданы, Урюпинка ауылы, «Балабақша-мектеп-интернаты» арнайы кешені».

Жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен және  сыйлықтарымен, жүлделі орындарға ие болған қатысушылардың жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды. Барлық қатысушыларға  сертификаттар табысталады.