Республикалық ұлттық пікір - сайыс турнирінің облыстық кезең қорытындысы

Республикалық ұлттық пікір - сайыс турнирінің облыстық кезең қорытындысы

2023 жылдың 30-31 қаңтарында  Ақмола облысының  «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау орталығы республикалық пікір - сайыс турнирінің облыстық кезеңін өткізді.

Турнирге Ақмола облысы бойынша 17 ауданнан (Целиноград, Бұланды, Атбасар, Егіндікөл, Есіл, Жарқайың, Аршалы, Астрахан, Сандықтау, Ерейментау, Қорғалжын, Ақкөл, Бурабай, Біржан сал, Жақсы, Зеренді,  Шортанды), 3 қаладан  (Степногорск, Көкшетау, Қосшы) және облыстық мектеп-интернаттарынан 52 команда - 104 оқушы  қатысты.

Турнирдің басты мақсаты:

өскелең ұрпақтың қазақстандық патриотизмі мен азаматтылығын қалыптастыру;

облыстағы пікір - сайыс қозғалысын дамыту, насихаттау және қолдау.

Төрешілердің қорытынды шешімі  негізінде пікір – сайыс турнирінің жеңімпаздары анықталды.

Қазақ лигасында:

 1 орын – Ерейментау ауданы, «Оратор» тобы;

 2 орын – Бурабай ауданы, «Элита» тобы;

 3 орын –Ақкөл ауданы, «Әділет» тобы.

Орыс лигасы бойынша:

 1 орын – Қосшы қаласы, «Дара - 1» тобы;

 2 орын – Көкшетау қаласы, «Лидер Кz» тобы;

 3 орын – Шортанды ауданы, «Парасат» тобы.

Ағылшын лигасы бойынша:

1 орын – Қосшы қаласы, «Дара - 2» тобы;

2 орын – Көкшетау қаласы, «Nomad» тобы;

3 орын – Көкшетау қаласы, «Білім – Инновация» лицей - интернатының «Fellas from Paris» тобы.

«Үздік спикер» номинациясына: қазақ лигасында Степногорск қаласы, «Дарабоз» тобының спикері Мадиева Амина, орыс лигасында Көкшетау қаласы, «Лидер Кz»» тобының спикері Кенжебай Дамир, ал ағылшын лигасында Көкшетау қаласы, «Nomad» тобының спикері Асқар Дарина ие болды.

Жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен және сыйлықтарымен марапатталды. Жеңімпаздардың жетекшілеріне алғыс хаттар, қатысушыларға сертификаттар табысталды.