Ақмолалық жасөспірімдер арасында футзалдан жеңімпаздар анықталды

Ақмолалық жасөспірімдер арасында футзалдан жеңімпаздар анықталды

2023 жылғы 24-27 қаңтар күндері аралығында Зеренді ауылының «Жігер» БЖСМ базасында Ақмола облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқушылары арасында «Кезең» облыстық Спартакиадасының бағдарламасында жасөспірімдер арасында футзалдан жарыс өтті.

Жарысқа 7 командада 70 адам қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:

1 орын - Көкшетау қаласының жоғары көпсалалы азаматтық қорғау колледжі;

2 орын - Ж.Мусин ат. Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі;

3 орын – Көкшетау қ. жоғары техникалық колледжі;

4 орын – Щучинск қ. жоғары педагогикалық колледжі;

5 орын –Астраханка а. АТК;

6 орын – Щучинск қ. орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжі;

7 орын - Ақкөл қ. АТК.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!