Ақмола облысында өндірістік оқытудың үздік шеберлері анықталды

Ақмола облысында өндірістік оқытудың үздік шеберлері анықталды

Ақмола облысында 2023 жылғы қаңтар айының 23-27 аралығында «Үздік өндірістік оқыту шебері» облыстық конкурсы өтті.

Сайыс өндірістік оқыту шебері мәртебесін арттыруға және үздік жұмыс тәжірибесін әрі қарай таратуға бағытталған.

Конкурсқа педагогикалық қызметте жоғары жетістіктері бар колледждердің 20 өдірістік оқыту шебері қатысты.

Конкурс 2 кезеңнен тұрды. Бірінші іріктеу кезеңінде комиссия мүшелері сырттай бейнероликтерді, портфолионы қарады. Финалдық кезеңге өндірістік оқытудың 11 шебері өтті.

Финалдық кезең 2023 жылғы 27 қаңтарда Көкшетау қ., құрылыс-технологиялық колледжінде өтті.

Комиссия мүшелері инновациялық технологиялар мен цифрлық ресурстарды қолдана отырып, практикалық сабақтың үзіндісін және «Шығармашылық зертхана» көрмесін  бағалады.

Конкурстың марапаттау рәсімінде Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары В. Гамазов жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтап, дипломдар, грамоталар және ақшалай сертификаттар табыс етті.

Оқытудың үздік өндірістік шебері атағын және 1 дәрежелі диплом мен 100 000 теңге сомасындағы сертификатты Көкшетау қаласындағы жоғары техникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері Ковалев Рустем Сергеевич жеңіп алды.

2 дәрежелі диплом және 80 000 теңге сомасындағы сертификатқа Щучинск қаласындағы жоғары техникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері Коломиец Ольга Владимировна ие болды.

Шағалалы ауылындағы жоғары агротехникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері Сатаева Марина Сергеевна 3 дәрежелі диплом мен 50 000 теңге сомасындағы сертификат иегері атанды.

Үш қатысушы номинациялар мен 30 мың теңге ақшалай сыйлықтарға ие болды:

«Мамандыққа деген адалдық» номинациясы - Искакова Айшолпан Едрисовна, Көкшетау қ., құрылыс-технологиялық колледжі;

«Педагогикалық шеберлік» номинациясы - Шевченко Татьяна Олеговна, Степногорск қ. жоғары колледжі;

«Мамандықтағы шығармашылық» номинациясы - Нураддинова Арухан Бағдаулетқызы, Жанаесіл а., агротехникалық колледжі.

Сондай-ақ, конкурстың барлық қатысушыларына Ақмола облысы және Астана қ. Бiлiм және ғылым қызметкерлерi кәсiподағы» ҚБ ұйымынан бағалы сыйлықтар табысталды.

Конкустың барлық қатысушылары мен жеңімпаздарын құттықтаймыз, алдағы уақытта шығармашылық табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз!