2023 жылғы 27 қаңтарда Көкшетау қаласында «Bolashaq saraiy» базасында «Robotek Grand Tournament» робототехника бойынша республикалық чемпионатының облыстық кезеңі өтті. Облыстық кезеңді ұйымдастырушылар - Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы және Ақмола облысы білім басқармасының Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы.
Чемпионаттың негізгі мақсаттары мен міндеттері роботтарды құрастыру және бағдарламалау, инженерлік ғылымдар, ғылыми-техникалық шығармашылық, бағдарламалау, басқа да инновациялық білім беру технологиялары саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, спорттық және білім беру робототехникасын танымал ету болып табылады.
Чемпионатқа робототехникамен айналысатын 200-ге жуық ақмолалық оқушы қатысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер әр түрлі жас санаттарында командалық жарыстың 7 түрі бойынша (бір командада 2 қатысушы) анықталды: Робо-сумо, Кегельринг-квадро, Желі бойынша жарыс, Биатлон – кіші санат, Биатлон – жоғары санат, Эстафета, Лабиринт.
Чемпионат қорытындысы бойынша І-дәрежелі дипломдармен, алтын медальдармен, командалық кубоктармен және 20 000 теңге сомасында командалық ақшалай сертификаттармен - 7 команда марапатталды.
2-орын алған 14 команда ІІ-дәрежелі дипломдармен, күміс медальдармен және 15 000 теңге сомасында командалық ақшалай сертификаттармен марапатталды.
3-орын алған 20 команда ІІІ-дәрежелі дипломдармен, қола медальдармен және 10 000 теңге сомасында командалық ақшалай сертификаттармен марапатталды.
І-дәрежелі дипломмен марапатталды:
- «Робо-сумо» номинациясы бойынша, «Hitman» командасы Сайран Жанарыс - Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Bolashaq Saraiy» 6-сынып тәрбиеленушісі;
- «Робо-сумо» номинациясы бойынша, «Hitman» командасы Аянұлы Дархан - Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Bolashaq Saraiy» 7-сынып тәрбиеленушісі;
- «Кегельринг-квадро» номинациясы бойынша, «Джон Сина» командасы Жылқайдар Асылхан - Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Bolashaq Saraiy» 7-сынып тәрбиеленушісі;
- «Кегельринг-квадро» номинациясы бойынша, «Джон Сина» командасы Бұлат Әбілмансұр - Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Bolashaq Saraiy» 7-сынып тәрбиеленушісі;
- «Желі бойынша жарыс» номинациясы бойынша, «Quantum» командасы Каблуков Артём - Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №3 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
- «Желі бойынша жарыс» номинациясы бойынша, «Quantum» командасы Ильин Никита - Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №3 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
- «Биатлон – кіші санат» номинациясы бойынша, «Bio strik» командасы Ордабаев Жандаулет - Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының әл-Фараби атындағы IT лицейінің 6-сынып оқушысы;
- «Биатлон – кіші санат» номинациясы бойынша, «Bio strik» командасы Қайырбек Бақытжан - Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының әл-Фараби атындағы IT лицейінің 6-сынып оқушысы;
- «Биатлон – жоғары санат» номинациясы бойынша, «Kazakh Boys» командасы Ербатыр Ернияз - Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының әл-Фараби атындағы IT лицейінің 10-сынып оқушысы;
- «Биатлон – жоғары санат» номинациясы бойынша, «Kazakh Boys» командасы Ашкенов Нұрғалы - Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының әл-Фараби атындағы IT лицейінің 10-сынып оқушысы;
- «Эстафета» номинациясы бойынша, «Redwood» командасы Дюсенбаев Мирас - Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Абылайхан атындағы Қызылағаш ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
- «Эстафета» номинациясы бойынша, «Redwood» командасы Өтелбай Әлішер - Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Абылайхан атындағы Қызылағаш ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;
- «Лабиринт» номинациясы бойынша, «Force» командасы Досым Бауыржан - Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының №1 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы;
14.«Лабиринт» номинациясы бойынша, «Force» командасы Абдрашитов Руслан - Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының №1 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы.
Робототехника чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін шын жүректен құттықтаймыз!