Информатикадан XIV Еуразиялық олимпиаданың қорытындысы (Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер арасында)

Информатикадан XIV Еуразиялық олимпиаданың қорытындысы   (Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер арасында)

Білім беру саласындағы үкіметаралық келісімдер негізінде, сондай-ақ Санкт-Петербург ақпараттық технологиялар, механика және оптика ұлттық зерттеу университетімен жасалған ынтымақтастық туралы келісім-шарттың негізінде Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстаннан 50 команда 2022 жылғы 4-5 желтоқсан аралығында  Алматы қаласындағы Қазақстан-Британ техникалық университетінің базасында  мектеп оқушылар арасында информатикадан XIV Еуразиялық олимпиадасы (Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер арасында) өтті. Олимпиада жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың, дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары арасында ағылшын және орыс тілдерінде өткізілді.

Олимпиаданың негізгі мақсаты -  оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру, оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамыту және еспетеу ғылымдары, компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар саласында дарынды жастарды анықтау болып табылады.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша Көкшетау қаласы, «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушылары Ибодуллаев Руслан, Шарипов Алишер мен Карабаев Аян қола медальдармен және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!!!