Киокушинкай-кан каратэден жарыс

Киокушинкай-кан каратэден жарыс

4 желтоқсанда елордада киокушинкай-кан каратэден «Есіл» аула клубының ашық кубогы өтті.

Жарысқа 3 федерациядан 150 спортшы қатысты. Ақмола облысының атынан Ақкөл балалар үйінің тәрбиеленушілері лайықты дәрежеде өнер көрсетті.

«Татамиде біздің жас спортшылар жауынгерлік рух пен жеңіске деген жігерін көрсетті. Жігіттер жекпе-жектің әдіс-тәсілдерінің, белсенділігінің, тактикасының тиімділігін көрсетті», - деді сэнсей Теміржанов Ч.Р.

Олар бірден үш жүлдеге ие болды: 1 орын – Несмелов Захар мен Маргарита, Рейн Станислав, Тебенкова Роксана;

2 орын – Александр Бойко және Виктория, Илья Быченко, Данил Жандаров;

3 орын – Слабодиан Виолетта, Ярчевская Карина.

Жеңімпаздар кубоктармен, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!