Ақмола оқушылары XV Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңі жүлдегерлер қатарына енді

Ақмола оқушылары XV Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңі жүлдегерлер қатарына енді

2022 жылғы 29 қараша мен 2 желтоқсан аралығында академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің базасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша XV Президенттік олимпиаданың үшінші (республикалық) кезеңі өтті.

Олимпиада бұған дейін республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларға қатыспаған республиканың білім беру ұйымдарының 11-сынып оқитын 191 оқушысы арасында өткізілді.

Олимпиаданың басты идеясы – патриоттық рухты, мықты, интеллектуалды, жоғары білімді қазақстандық оқушыларды тәрбиелеу, жаратылыстану-математика ғылымдарын тереңдетіп оқыту.

Аталмыш олимпиадаға Ақмола облысынан 10 оқушы қатысты.

Қорытындысы бойынша ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды:

  1. Балсеит Елдана - Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы;
  2. Ни Тимур – «IQanat High School of Burabay» мектебінің 11-сынып оқушысы;

Президенттік олимпиаданың әрбір қатысушысы барлық кезеңдерде төрт пән бойынша тапсырмаларды орындайды: математика, физика, химия және биология.

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады және республиканың жоғары оқу орындарында оқу үшін білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу кезінде басым құқыққа ие болды.

Біздің жүлдегерлерді құттықтаймыз!