
Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы 2022 жылғы 13-15 қазан аралығында Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының базасында 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты V республикалық интеллектуалдық байқауының облыстық кезеңін өткізді.
Байқаудың мақсаты – туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, мектеп оқушыларының тарих және өлкетану бойынша білімін дамыту, ұлттық өзін-өзі тануына және олардың кішкентай Отанына деген мақтанышын арттыру.
15 ауданнан, Степногорск, Көкшетау және Қосшы қалаларынан және дарынды балаларға арналған 5 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттан облыстық кезеңге мектеп және аудандық (қалалық) кезеңдерде іріктеуден өткен 90 оқушы қатысты.
Байқау екі тур бойынша өткізілді:
І тур – Қазақстан тарихынан тест тапсырмалары орындалды
ІІ тур - 4 номинация бойынша өткізілді:
-«Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы;
-«Кішкентай Отанымның символы» номинациясы;
-«Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы;
-«Менің туған өлкем» номинациясы.
І дәрежелі диплом иегерлері келесі оқушылар ие болды:
1.«Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы бойынша - Түгел Кінәзия, Есіл ауданы, Есіл қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы;
ІІ дәрежелі диплом иегерлері келесі оқушылар ие болды:
1.«Кішкентай Отанымның символы» номинациясы бойынша Кеңес Нұрсая – Біржан сал ауданы, Тасшалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы;
2.«Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы бойынша Шарипканова Томирис – Ерейментау ауданы, Новомарковка ауылының Балабек Жахин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы;
7.«Менің туған өлкем» номинациясы бойынша Гомзикова Дарья –Степногорск қаласы, № 4 "Болашақ" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;
ІІІ дәрежелі диплом иегерлері келесі оқушылар ие болды:
1.«Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы бойынша Жанарбек Аян – Бұланды ауданы, Макинск қаласының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы;
3.«Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы бойынша Эйхвальд Екатерина – Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;
8.«Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы бойынша Касымова Алина – Қосшы қаласынының Рақымжан Қошқарбай атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы;
9.«Менің туған өлкем» номинациясы бойынша Аманжол Жансезім – Қосшы қаласынының IT мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы;
Грамоталардың иегерлері келесі оқушылар болды:
2.«Менің туған өлкем» номинациясы бойынша Есжанова Милана – Жақсы ауданы, Қима ауылының Қ.Өскенбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
3.«Кішкентай Отанымның символы» номинациясы бойынша Балсарина Самира марапатталады – Көкшетау қаласының № 17 мектеп-гимназиясынің 10 сынып оқушысы;
5.«Менің туған өлкем» номинациясы бойынша Қайырбек Дарина –Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы.
Облыстық кезеңде бірінші орын алған 4 оқушы қараша айында өтетін республикалық кезеңге қатысады.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз! Табыс және алдағы уақытта жеңістер тілейміз!