TOPIQ-электрондық оқулықтар

TOPIQ-электрондық оқулықтар

Көкшетау қ. №12 мектеп алаңында 2022 жылғы 12 қазанда «Білім берудегі электрондық контент: TOPIQ-электрондық оқулықтар платформасы» атты  қалалық  семинар өтті.

Семинарға қала мектептерінен TOPIQ-электрондық оқулықтарын қолдану жобасына енген 7 мектеп: № 1 МГ, М.Ғабдуллин ат. №3 МГ,  №7 ЖОББМ, №13 «ЭКОС» МГ, №17 МГ, №21 МЛ, IT-лицей мұғалімдері қатысты.

Семинар бағдарламасында TOPIQ-электрондық оқулықтарын қолдану бойынша бастауыш сынып, қазақ тілі, география  мұғалімдері ашық сабақтар, информатика, ағылшын тілі мұғалімдері шеберлік сыныптарын көрсетті.

Секция жұмыстарынан соң мектептің акт залында «ТОРІQ электрондық оқулығының мүмкіндіктері мен қолдану ерекшеліктері» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.