Облыстық «Жайдарлы Жас Ұлан» онлайн-байқауының жеңімпазы анықталды

Облыстық «Жайдарлы Жас Ұлан» онлайн-байқауының жеңімпазы анықталды

Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы «Жайдарлы Жас Ұлан» облыстық онлайн-сайысын өткізді.

Іс – шара өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге, балалар мен жасөспірімдер бастамаларын дамытуға бағытталған.

Сайыс төмендегі кезеңдер бойынша өтті:

- Таныстыру;

- Үй тапсырмасы.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, командалардың бейне материалдары келесі талаптарға сай болуы керек: мәдениетті сахналық деңгейі (сөйлеу мәдениеті, сахнада өзін-өзі ұстауы), жанрлардың көптүрлігі, тапқырлық, актерлік шеберлігі және т. б.

«Жайдарлы Жас Ұлан» сайысында облысымыздың аудан/қалаларынан 12 топ бағын сынады.

Сайыстың қорытындысы бойынша төмендегідей жеңімпаздар анықталды:

1 орын - Бурабай ауданы, «Фаворит» командасы;

2 орын – Аршалы ауданы, «Балалар партиясы» командасы;

3 орын - Жақсы ауданы, «Қос нүкте» командасы.

Жеңімпаз командалар дипломдармен, ал жеңген командалардың жетекшілері алғыс хаттармен марапатталады. Барлық қатысушыларға қатысқандары үшін сертификаттар табысталады.