Ақмола облысында мектепке дейінгі ұйымның үздік әдіскері анықталды

Ақмола облысында мектепке дейінгі ұйымның үздік әдіскері анықталды

Ақмола облысы білім басқармасының областық оқу-әдістемелік кабинеті «Мектепке дейінгі ұйымның үздік әдіскері» республикалық конкурсының облыстық кезеңін өткізді.

Іс-шара әдіскерлердің инновациялық және кәсіби маңызды тәжірибесін анықтауға және таратуға, мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі мәртебесін арттыруға және кәсіби имиджін қалыптастыруға бағытталған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау барысында қатысушылар өздерінің «Е-портфолиосын», «Әдістемелік шеберлік» бейнероликтерін көрсетті, «Мен әдіскермін» онлайн диалог алаңына қатысты. Байқау нәтижелері балдық жүйе бойынша бағаланды.

Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орындар анықталды:

Бас жүлде - Николаева Галина Иосифовна, Степногорск қаласы«Балауса» бөбекжайының әдіскері;

І орын - Суворкова Наталья Николаевна, Көкшетау қаласы Ю. Гагарин атындағы балабақшасының әдіскері;

ІІ орын - Шакиева Жазира Ондасыновна, Бұланды ауданы «Балдырған» мектеп-балабақшасының әдіскері;

Жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің дипломдарымен, грамоталармен марапатталады.

Гра-при иегерлері байқаудың республикалық кезеңінде облыс намысын қорғайтын болады.

Құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!