«Халық заңгері» республикалық акциясы

«Халық заңгері» республикалық акциясы

2022 жылғы 16 қыркүйек күні сағат 16:00-де «Көкшетау» мәдениет сарайының алаңында «Халық заңгері» республикалық акциясы өтеді.

Акция азаматтарға құқықтық көмек көрсетуге бағытталған.

Акцияға Ақмола облысы білім басқармасынан білім басқармасы басшысының орынбасары В. Г. Гамазов, құқықтық жұмыс және қызмет көрсетуді талдау бөлімінің басшысы Н. С. Степанова, Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы А. Б. Нөгертаева қатысады.

Айта кетейік, республикалық акция еліміздің барлық өңірлерінде өтеді, оған әкімдіктердің, басқармалардың, прокуратураның және т. б. өкілдері қатысады.