
2022 жылғы 14 қыркүйек күні «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың облыстық байқауы өтті. Байқау Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен өткізілді.
Байқаудың мақсаты: білім алушыларға ғылым мен техниканың әр түрлі облысындағы, өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына тарту, талантты балаларға қолдау көрсету, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру.
Байқауға Аршалы, Астраханка, Бурабай, Бұланды, Шортанды, Атбасар, Целиноград аудандары мен Көкшетау қалаларынан 34 оқушы қатысты.
Байқау қатысушыларының алуан түрлі салада жасалған макеттері мен жобаларынан үлкен көрме қойылып, әр жұмыстың авторы өз еңбегін білікті мамандардың алдында қорғап шықты.
Қазылар алқасының шешімімен байқаудың қорытындысы төмендегі ретпен орналасты:
Автокөліктің қолданыстағы модельдерін әзірлеу саласындағы техникалық құрастыру (автобустар, жеңіл көлік, жүк көлігі, арнайы техника, тәжірибелік модельдер және жол таңдамайтын көліктер) номинациясында:
1 орын – Горлукович Владислав, Бурабай ауданы «Арман» БЖШО;
2 орын – Салыков Алтынбек, Көкшетау қаласының «Кванториум» техникалық шығармашылық орталығы;
3 орын – Сизов Дмитрий, Аршалы ауданы, Жас техниктер станциясы.
Өндіріс саласындағы техникалық құрастыру (станок жабдықтары, техникалық ойыншықтарды қоса алғанда әр түрлі техникалық нысандар моделдері, оның ішінде дәстүрлі емес материалдардан (қағаз-пластиктен және т.б.) жасалған тәжірибелік модельдер) номинациясында:
1 орын – Буторин Андрей, Көкшетау қаласы «Bolashaq Saraiy».
Ауыл шаруашылық техникалар мен жабдықтар саласындағы техникалық құрастыру (трактор модельдері, комбайн, тұқым сепкіш, жүк тиегіш, жүк іріктегіш, шөмеле үйетін машина, ауыл шаруашылық кешендері, тәжірибелік модельдер және т.б.):
3 орын – Спиридонов Андрей, Аршалы ауданы, Жас техниктер станциясы;
3 орын – Ермұрат Еламан, Шортанды ауданы Новокубанка ауылының ЖОББ мектебі.
Әскери техника саласындағы техникалық құрастыру (танк модельдері, зеңбірек, бронетранспортерлер, әуеқорғаныс құрылғылары, тапаншадан, қарудан, автоматтан басқа тәжірибелік модельдер және т.б.):
1 орын – Кушербаев Алихан, Аршалы ауданы, Жас техниктер станциясы;
2 орын – Пономарев Роман, Бурабай ауданы, Щучинск қаласының «Білім-инновация IT лицей-интернаты» .
Су көлік саласындағы техникалық құрастыру (ауа жастықшалы кеме моделі, кеме, яхта, гидроплан, катер, қайық, тәжірибелік модельдер және т.б.):
1 орын – Ахметов Али, Аршалы ауданы, Жас техниктер станциясы;
Құрылыс саласындағы модельдер (тұрғын үй макеттері, әкімшілік ғимараттар, коттедждер, кешендер, спорттық ғимараттар, вокзалдар, порттар, аэродромдар, сауда орталықтары және т.б.):
1 орын – Нұридін Саян, Бурабай ауданы, Щучинск қаласының №7 МЛ;
2 орын – Жаңбырбаева Малика, Астрахан ауданы, №1 ЖОМ;
2 орын – Амиш Ардах, Шортанды ауданы, Бектау ауылының ЖОББМ;
3 орын – Ұлан Қанағат, Бурабай ауданы, Щучинск қаласының №7 МЛ;
3 орын – Малова Илона, Астрахан ауданы, №2 ЖОББМ;
3 орын – Горлукович Владислав, Бурабай ауданы, Успено-Юрьевка а/о ЖБМ;
Грамота – Павленко Инна, Павленко Полина, Бурабай ауданы «Арман» БЖШО;
Грамота – Немешев Станислав, Хамитов Әміржан, Көкшетау қаласы, №17 мектеп-гимназиясы;
Жылу энергетикасы, электр энергетикасы, баламалы энергетика саласындағы модельдер (ядролық энергетика және жылу физикасы; альтернативті және көміртекті емес энергетика; энергия үнемдеуші технологиялар; отын өндіру және өңдеу; радиоактивті қалдықтарды сақтау және қайта өңдеу технологиясы және т.б.):
1 орын – Жангуразов Даут, Аршалы ауданы, Ижевское ЖОББМ;
Грамота – Самихан Асылмұрат, Көкшетау қаласы «Bolashaq Saraiy».
Авиация саласындағы модельдер – авиациялық техника әзірлеу саласындағы модельдер (ұшақтар, тікұшақтар, пилотсыз ұшатын аппараттар, экранопландар, гидроұшақтар, амфибиялар және т.б.):
1 орын – Шайзада Мансур, Әл-фараби атындағы ІТ лицейі;
2 орын – Ашимов Асанали, Бұланды ауданы, Никольское ауданы №2 ЖББМ;
3 орын – Родин Тимур, Аршалы ауданы, Жас техниктер станциясы;
Космонавтика және аэрокосмос техникасы саласындағы модельдер – космос техникасын әзірлеу саласындағы модельдер (зымыранды жүйелер, космос станциялары, спутниктер, аппараттар және т.б.), зымыран құрастыру (космос кемелері, зымырандар және ілеспелі техника):
1 орын – Сафронова Никита, Аршалы ауданы, Жас техниктер станциясы;
Компьютерлік графика және 3D модельдеу – компьютерлік графикада 3D модельді құру, 3D принтерде шығару (еркін тақырыпта).
1 орын – Кадиров Руслан, Көкшетау қаласының «Кванториум» техникалық шығармашылық орталығы;
2 орын – Кривцун Роман, Көкшетау қаласының «Кванториум» техникалық шығармашылық орталығы;
Грамота – Кабиев Тамерлан, Аршалы ауданы, Анар станциясының ЖББМ;
Грамота – Свидерская Анастасия, Бұланды ауданы, Макинка қаласының МГ.
Жеңімпаздар дипломдармен және сыйлықтармен, ал белсенді қатысқан қатысушылар грамоталармен марапатталды. Жеңімпаздардың жетекшілеріне алғыс хаттар табысталды. Барлық қатысушыларға байқауға қатысқаны туралы сертификаттар берілді.