"Үздік балалар аула клубы" облыстық байқауының жеңімпазы анықталды

"Үздік балалар аула клубы" облыстық байқауының жеңімпазы анықталды

2022 жылғы 26 тамызда Ақмола облысы білім басқармасының "Ақмола дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы "Үздік балалар аула клубы" аула клубтары арасында облыстық байқаудың 2 кезеңде ұйымдастырылып өткізілді, оған конкурстың I кезеңінің 3 үздік портфолиосы қатысты.

Байқаудың II кезеңінің қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді.

1-ші орын және "Үздік балалар аула клубы" Көкшетау қаласы, «Әулет» МТЖО жанындағы "Мирас" БАК І дәрежелі дипломмен, статуэтка және бағалы сыйлықпен марапатталды.

2-ші орынды Щучинск қаласы, "Арман" БЖШО жанындағы "Балғыншақ" балалар аула клубы иеленді, ІІ дәрежелі дипломмен, бағалы сыйлықпен марапатталды.

3-ші орынды Есіл ауданы Свободное ауылының "Жастар" балалар аула клубы иеленді, ІІІ дәрежелі дипломмен, бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Байқаудың қалған қатысушылары грамоталармен, жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.

Шығармашылық табыс пен денсаулық тілейміз!