
2022 жылдың 26 тамыз күні ZOOM платформасы арқылы «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасын іске асыру аясында мектеп оқушылары арасында «Алтын сақа» облыстық онлайн сайысын өткізді.
Сайыстың негізгі мақсаты: Қазақ халқының дәстүрлі асық ойынын өткізу арқылы балалар мен жасөспірімдер арасында қызығушылықты ояту, ептілікке, жеңіске деген құштарлыққа, әділдікке баулу арқылы отансүйгіштік сезімдерін арттыру және ұлттық спортты насихаттау.
Жарысқа облысымыздың 5 ауданынан (Ақкөл, Атбасар, Жақсы, Зеренді, Целиноград) жалпы саны 6 топ қатысты.
Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарды келесі топтар иеленді:
I – орын Ақкөл ауданы, «Білім» тобы (Жангавал Ахдидар, Серикбаева Дильназ, Жанарбек Аяулым);
II – орын Зеренді ауданы, «Асыл-Мұра» тобы (Солтанбек Арайлым Нурбекқызы, Хайвар Алтынай Айдосқызы, Султанбек Айғаным Талантқызы);
III – орын Атбасар ауданы, «Алшы» тобы (Садық Айнұр, Ерлан Аяулым, Ардагерқызы Айым, Уалихан Нұр-Әли).
Жеңімпаздар диплом және сыйлықтармен, барлық топтар белсенді қатысқаны үшін сертификаттармен, жетекшілер алғыс хаттармен марапатталды.