"El Umiti-2022"жазғы лагері басталды

"El Umiti-2022"жазғы лагері басталды

Бурабай кентіндегі "Baitas Hotel" кешенінің базасында "Елбасы академиясы" корпоративтік қоры "Елбасы медалі", "Birge Oqy" жобаларына, "Мың бала" ұлттық олимпиадасына қатысушыларына арналған "El Umiti-2022"жазғы лагері басталды.

Лагерь 12-18 жас аралығындағы балаларды қамтиды. Ақмола облысынан 7 оқушы қатысты: "Елбасы медалі" ерекшелік белгісінің иегерлері және "Мың бала"ұлттық олимпиадасының жеңімпаздары.

5 күн бойы лагерь қатысушыларын мазмұнды бағдарлама күтеді: келіссөздер жүргізу және эмоциялық интеллект, кейс жасау бойынша танымал сарапшылардың қызықты тренингтері, танымал тұлғалармен: актерлермен, спортшылармен, бизнесмендермен, блогерлермен мотивациялық кездесулер және шығармашылық командалық тапсырмалар мен кештер, дебаттар, мастер-класстар, Бурабай ұлттық паркі бойынша экскурсия, Ботай мұражайына бару және тауға шығу.