ҚР Ұлттық экономика министрі Көкшетау қаласының №5 "Таңдау" көпсалалы гимназиясында болды

ҚР Ұлттық экономика министрі Көкшетау қаласының №5 "Таңдау" көпсалалы гимназиясында болды

Бүгін ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Ақмола облысына жұмыс сапары аясында өзі 2000 жылы аяқтаған №5 "Таңдау" көпсалалы гимназиясында болды.

Мектепте Министрді білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазов, Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Айгүл Нөгертаева, №5 "Таңдау" көпсалалы гимназиясының экс-директоры Виктор Пшеничный, кезінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған Марал Байбакишева және мектеп әкімшілігі қарсы алды.

Кездесу жаймашуақ әңгіме ретінде өтті. Мектепте болған кезде гимназияның әлеуметтік саласына қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.

Әлібек Сәкенұлы гимназияда алған білімі оған университетте қатты көмектескенін айтты. Әсіресе математика және ағылшын пәндері мұғалімдері Поляк Инна Григорьевна мен Науменко Любовь Александровнаны атап өтті.