«Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел

«Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел

Ақмола облысы білім басқармасы Красный Яр ауылындағы №3 агротехникалық колледжінің базасында "Шанс" кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық құқықтық қолдау орталығымен бірлесіп «Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Дөңгелек үстел жұмысына Ақмола облысы әкімдігі жанындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу бойынша ведомствоаралық топтың, Ақмола облысы Әділет департаментінің, Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, "Сенімен болашаққа" ҚБ өкілдері, жеке сот орындаушысы және медиатор қатысты.

Дөңгелек үстелде "Өмірлік қиын жағдайда жүрген әйелдер мен балаларды сүйемелдеу", "Медиация жанжалды жағдайларды реттеу әдісі ретінде", "Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар үшін түсіндіру және жауапкершілік", "Алимент: жауапты әке", "Буллинг" мәселелері талқыланды.