
08 маусым күні Көкшетау қаласының №4 жалпы білім беретін мектебінің базасында Көкшетау қаласының "Мәдениет, дене шынықтыру және тілдерді дамыту бөлімі" ММ бірлесіп «Sport Fest Kokshetau-2022» спорттық мерекесі өтті.
Бұл мереке жазғы лагерьдің, Жазғы мектептің оқушыларына, тәлімгерлеріне және ұстаздарына көптеген позитив, қуаныш, күлкі мен қуат сыйлады! Мереке балалар жылын мерекелеу аясында өтті.
Фестивальге 120 оқушыдан 5 жасақ қатысып, Көкшетау қаласының мәдениет, дене шынықтыру және тілдерді дамыту бөлімі басшысының дипломымен марапатталды. Спорт отрядтарын дайындаған педагогтар мектеп директоры М. Хасенованың алғыс хаттарымен марапатталды. Іс-шарада біздің мектептің " Алға!" би тобының кішкентай черлидерлері барлық спортшылар мен қатысқан ересектерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Іс-шараның қонағы мәдениет, дене шынықтыру және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ерік Мұратбекұлы Мұратбеков болды.