13 әнші бала «Жұлдызды сәт.Таланттар шоу» байқауының 2-турына өтті

13 әнші бала «Жұлдызды сәт.Таланттар шоу» байқауының 2-турына өтті

2022 жылғы 2 маусымында облыстық «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніңдегі орталығы «Жұлдызды сәт. Таланттар шоуы» облыстық вокалистер онлайн-байқауының бірінші кезеңін өткізді.

Байқаудың мақсаты  - музыкалық дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау.

Байқауға облыстың 8 ауданынан, яғни, Аршалы, Жақсы, Бурабай, Зеренді, Бұланды, Шортанды, Есіл, Ерейментау және Степногорск, Көкшетау қалаларынан 44-ке жуық талантты бала қатысты.

Қазылар алқасының шешімі бойынша 2 кезеңге 13 қатысушы өтті.

Сағат Айару – Аршалы ауданы,

Архипова София – Бурабай ауданы,

Жомабай Самира – Степногорск қаласы,

Дулатова Мерей – Бурабай ауданы,

Сонгина Инкар – Зеренді ауданы,

Хумар Халман – Степногорск қаласы, Байқоныс ауылы,

Жақсылық Фариза – Есіл ауданы,

Ахметова Айгерим – Шортанды ауданы,

Енсегенова Камилла – Бурабай ауданы,

Байкен Айлана – Бұланды ауданы,

Серікбай Абзал – Бурабай ауданы,

Тілеуберді Берік – Ерейментау ауданы,

Базарбекова Дильдара – Жақсы ауданы.

Екінші кезеңге өткен орындаушылар 3-9 маусым аралығында ән орындаған видеожазбаны «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығына жолдайды.

Ағымдағы жылдың 11-12 маусым аралығында видео білім басқармасының инстаграммдағы @aqmoedu парақшасына салынады. Осылайша дауыс беру (лүпіл қою) арқылы жеңімпаз анықталады.