"Оқуға құштар мектеп" республикалық жобасы

"Оқуға құштар мектеп" республикалық жобасы

"Оқуға құштар мектеп" республикалық жобасы Көкшетау қаласының №4 жалпы білім беретін мектебінің 4-8 сыныптары арасындағы үздік оқырмандарды мектеп кітапханасының дөңгелек үстеліне жинады.

Бұл іс-шара балалардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында өткізілді.

Дөңгелек үстелдің модераторы мектеп директоры Мәдина Хасенова болды.

Балалар жылы аясында өткізілген іс-шараға Ақмола облысының "Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесінің өкілдері шақырылды. Қонақтар үздік оқырмандар мен кітапханаға баспа және аудиокітаптар сыйлады.

"Дөңгелек үстел өте жайлы, формалды емес жағдайда өтті, онда балалар оқыған кітаптары туралы өз әсерлерімен бөлісті.

Әңгіме барысында балалар кітаптың болашақ ұрпақ өміріндегі маңызды бөлігі екеніне тағы да көз жеткізді.