«Үздік Ұланбасы - 2022» облыстық байқауының қорытындысы

«Үздік Ұланбасы - 2022» облыстық байқауының қорытындысы

2022 жылдың 13 мамырында Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы және «Ақмола облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар  мен жасөспірімдер ұйымы»  қоғамдық бірлестігі бірлесе отыра  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасы аясында «Үздік Ұланбасы – 2022» облыстық байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты – өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген  жауапкершілікті қалыптастыру, көшбасшылық қабілеттері бар жасөспірімдерді анықтау және олардың көшбасшылық мүмкіндіктерінің дамуына жол ашу болып табылады.

 «Үздік Ұланбасы – 2022» облыстық байқауы «Менің жетістігім – Отанымның жетістігі!» тақырыбында, төмендегі кезеңдер бойынша өтті:

Таныстыру;

2021-2022 оқу жылында өткізген іс-шаралар жөнінде презентация;

Аудан/ қаладағы «Жас Ұлан» ББЖҰ дамытуға бағытталған өзінің ұсынатын бағдарламасы;

"Шығармашылық шеберхана"

Арнайы номинация «Көрермендер көзайымы»,

Байқауға Атбасар, Бурабай, Біржан сал, Есіл, Зеренді,  Жақсы, Жарқайың, Целиноград аудандарынан және Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп интернатынан іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары жалпы саны 9 ұланбасы қатысты.

Байқаудың қорытындысы бойынша төмендегідей жеңімпаздар анықталды:

1 орын - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп интернатының Ұланбасы Дулатова Алуа;

2 орын – Атбасар ауданының Ұланбасы Марденова Ариана Бауржановна;

3 орын -  Есіл ауданының Ұланбасы Сергеева Дарья Евгеньевна;

3 орын -  Целиноград ауданының Ұланбасы Тілектес Мақсат Тілектесұлы.

«Көрермендер көзайымы» номинациясымен Бурабай ауданының Ұланбасы Рахимбеков Досбол Ерланұлы марапатталды;

Байқаудың  бас  жүлдегері «Үздік Ұланбасы – 2022» облыстық байқауының кубогымен, жеңімпаздар диплом, сыйлықтармен марапатталады. Барлық қатысушыларға қатысқандары үшін сертификат және естелік сыйлықтар табысталады.