«ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӨКШЕТАУЛЫҚ ЕҢ БЕЛСЕНДІ ЖАС ОҚЫРМАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ

«ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӨКШЕТАУЛЫҚ ЕҢ БЕЛСЕНДІ ЖАС ОҚЫРМАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ

13 мамырда Көкшетау қаласындағы № 4 жалпы білім беретін мектепте қала мектептерінің 5-10 сынып оқушыларының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Шараны Көкшетау қаласының білім бөлімі ұйымдастырды.

Дөңгелек үстел белсенді оқырмандарды ынталандыруға, оқушыларға кітаппен дос болуға ықпал етуге, ең белсенді оқырмандарды анықтауға және мадақтауға бағытталды.

Қалалық білім бөлімінің басшысы Айгүл Нугертаева іс-шараның модераторы ретінде жас оқырмандармен әңгіме барысында білімді, мақсатқа ұмтылған оқушы үшін кітап адам өмірінің таусылмас қазынасы мен дүниенің айнасы, ғылым білімнің көзі, өнер мен тәрбие құралы, ақылшы досы болып табылатынына назар аударды.

Ойшыл, ынталы, білімқұмар оқырмандарды тәрбиелеуге әрине «Оқуға құштар мектеп» республикалық жобасының ықпалы зор.

Дөңгелек үстел барысында ең белсенді оқырмандарға дипломдар, сертификаттар, 2022-2023 оқу жылына арналған «Topiq.kz. электрондық оқулықтардың Web-платформалары» жылдық жазылымы, сондай-ақ «Келешек-2030» баспасынан кітаптар сыйға тартылды.

Оқушыларға кітап оқуға деген сүйіспеншілікті ұялатқаны, кітап оқуға баулығаны үшін ата-аналарға, мұғалімдерге және кітапханашыларға алғысымызды білдіреміз!