15 ақпан күні Көкшетау қаласының мектеп психологтары «Qabilet» қызметінің «4К» 10-11 жастағы балаларының қабілеттерін диагностикалау әдістемесі» тақырыбында базалық курстан өтті.
Аталған курсты Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы ұйымдастырды.
Курстың мақсаты психологтардың 10-11 жас аралығындағы балалардың қабілеттерін психодиагностикалаудың заманауи технологиялары мен әдістерін игеруі және баланың ерте жастағы психикалық даму мәселелерін талдаудың жаңа тәсілдерін зерттеу.
Курс барысында баяндамашылар «Qabilet» қызметінің мақсаттары мен міндеттері, психологиялық диагностика жүргізу қағидалары, «4К» (теориялық, тәжірибелік бөлім) 10-11 жастағы балалардың қабілеттерін диагностикалау әдістері туралы айтып берді.
Курс аясында Ақмола облысында балалардың қабілеттерін ерте анықтауға бағытталған «Qabilet» қызметі жобасын іске асырылуы туралы міндеттері қойылды. Курс соңында қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.
Сонымен қатар, аудандық мектептердің психологтарына арналған дәл осындай курс 1-10 ақпан аралығында ZOOM платформасында өткізілді.
«Qabilet» қызметі ата-аналарға балалардың қабілеттері мен жасырын дағдыларын ашып, жылдам дамып келе жатқан әлемде баланың даму траекториясын құруға көмектеседі.
Тестілеудің қорытындысы бойынша, қатысушы қабілеттілік нәтижелеріне талдау сонымен қатар, өз әлеуетін дамытуға арналған кеңесберушілік қолдау мен ұсынымдар ала алады.
Қазіргі уақытта 10-11 жастағы әрбір оқушы «Qabilet» қабілеттерін диагностикалаудан өте алады. «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі өңірлік орталығында және Елбасы академиясының «Qabilet» онлайн-платформасында диагностика жасау және қабілеттерді анықтау qabilet.elbasyacademy.kz. тегін жүзеге асырылады.
«Qabilet» қызметі біздің өңірдегі балалардың қабілеттерін жүйелі түрде анықтауға бастама беріп, олардың дарындылығын анықтауға және болашақ мамандығын дұрыс таңдауға көмектеседі.