Ақмола облысындағы ауылдардың бірінде 80 орындық мектеп ашылды

Ақмола облысындағы ауылдардың бірінде 80 орындық мектеп ашылды

Бүгін Целиноград ауданының Раздольное ауылында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен 80 орындық мектептің ашылуы өтті.

Жалпы ауданы 2500 м2 болатын жаңа мектепке 2 ауысымда 75 оқушы барады.

Ашылу барысында облыс әкімі Ермек Боранбайұлы ауыл тұрғындарын, ата-аналарды, оқушыларды жаңа мектептің ашылуымен құттықтап, білім беру ұйымы балаларды оқыту үшін барлық қажеттіліктермен жабдықталғанын атап өтті.

Жаңа мектеп ғимаратында химия, информатика, медициналық кабинет, екі мультимедиялық кабинет және т. б. кабинеттер бар.

Сондай-ақ, "Ақтық" агрофирмасының президенті М.Е. Қамзебаев мектеп директоры Сәуле Шаймарданға 500 мың теңгеге сертификат табыстады.

Өңір басшысына ата-аналар алғысын білдірді. Б. Исупов облыс әкіміне үлкен қуаныш сыйлағаны үшін алғысын білдірді.

Одан кейін барлық тұрғындар, мұғалімдер мен оқушылар үшін мерекелік концерт өтті.