Ақмола облысының командасы республикалық кәсіби шеберлік байқауында «Технологиялық жабдықтарды қолданудың үздігі» номинациясын иеленді

Ақмола облысының командасы республикалық кәсіби шеберлік байқауында «Технологиялық жабдықтарды қолданудың үздігі» номинациясын иеленді

Петропавл қаласында Солтүстік Қазақстан кәсіптік педагогикалық колледжінің ұйымдастыруымен  энергетика саласындағы ТжКБ ұйымдарының оқытушылары арасында республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті.

Ақмола облысының намысын Щучинск қаласынжағы жоғары техникалық колледждің оқытушысы Иван Бондаренко мен Көкшетау қаласындағы жоғары техникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері Медет Тоқсанбаев қорғады.

Кәсіби шеберлік байқауына оқытушы немесе өндірістік оқыту шебері лауазымындағы педагогикалық өтілі үш жылдан кем емес екі адамнан құралған командалар қатысты.

Байқау екі модульден тұрды:

  1. Тестілеу;
  2. QElectroTech бағдарламасындағы жұмыс алгоритмін ауызша сипаттау бойынша диаграмма құру.

Біріншілік қорытындысы бойынша біздің команда қиын күресте «Технологиялық жабдықтарды қолданудың үздігі» номинациясының иегері атанды.

Құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!