23 желтоқсанда " Болашақ сарайында "Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен WorldSkills Kazakhstan - 2021 VI Ұлттық чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін және"Қазақстан Республикасы колледждерінің 100 үздік студенті" республикалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Чемпионат қорытындысы бойынша бірінші орын алған қатысушыларға 100 мың теңгенің, екінші — 80 мың, үшінші — 60 мың теңгенің ақшалай сертификаттары табыс етілді.
Жас мамандардың барлық тәлімгерлері 60 мың теңгеден алды. Сондай-ақ, "Қазақстан колледждерінің ТОП-100 студенті" республикалық байқауының жеңімпаздарына 70 мың теңгенің сертификаты табысталды. Барлығы тоғыз студент.
Студенттері ұлттық чемпионатта жоғары нәтижелер көрсеткен жеті колледждің басшысы Ақмола облысы әкімінің Алғыс хаттарына ие болды.
Естеріңізге сала кетейік, биыл пандемияға байланысты барлық 38 алаң еліміздің сегіз аймағына таратылды. Ақмола облысына республиканың түкпір-түкпірінен 130-дан астам қатысушы қатысты. Олардың жұмыстарын Қазақстанның 130-дан астам сарапшысы бағалады.