Білім беру ұйымдары басшыларының «Табысты менеджер - 2021» облыстық байқауы

Білім беру ұйымдары басшыларының   «Табысты менеджер - 2021» облыстық байқауы

Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ-нің жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылғы қараша айында білім беру ұйымдары басшыларының «Табысты менеджер - 2021» облыстық байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты шығармашылықпен жұмыс істейтін басшыларды анықтау, қолдау, мадақтау және облыста білім беру ұйымының озық инновациялық менеджерін насихаттау болып табылады.

Конкурстық комиссия жұмысының қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарының үздік басшылары анықталды:

Шағын жинақты мектептер  арасында

1 орын - Андреева Ольга Филипповна, «Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Максимовка ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ

2 орын - Кожахметов Кайрат Балтабаевич, «Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі  Тасшалқар ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ

3 орын - Қаржаубай Хадиша Таубағұлқызы, «Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Ынтымақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

«Шағын жинақты мектептің табысты менеджері» номинациясы бойынша Амиргазина Толкын Мукатовна, «Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Далабай ауылының негізгі орта мектебі» КММ.

Толық жинақты мектептер арасында

1 орын - Дулат Айнагуль,          Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Балкашин ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

2 орын - Сураганов Дамир Чоканович, Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің Щучинск қаласының №7 мектеп-лицейі» КММ

3 орын - Халелова Эльмира Майдановна, «Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының М.Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» КММ

«Мектептің табысты менеджері» номинациясы бойынша Кизкенова Газиза Ануарбековна, Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Колледждер арасында

1 орын - Оразалин Шоқан Жетпісбайұлы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледжі.

Конкурс жеңімпаздарын құттықтаймыз!