Нашақорлықтың алдын алу мәселелері бойынша студенттерге дәрістер өтті

Нашақорлықтың алдын алу мәселелері бойынша студенттерге дәрістер өтті

Салауатты өмір салтын жүргізу қағидаларын қалыптастыру, темекі қоспаларының зиянды әсерлері, синтетикалық есірткілерді пайдалану, сондай-ақ жасөспірімдерді есірткі құралдарына тартудың жағымсыз салдарлары туралы ақпараттандыру мақсатында білім басқармасы Ақмола облысы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп қаланың 8 колледжінің 1-2 курс студенттеріне дәріс ұйымдастырып, өткізді. Аталған іс-шара 600-ден астам білім алушыны қамтыды.

Дәріс барысында кәмелетке толмағандардың есірткі заттарын қолдануына жол бермеу мәселелері, сондай-ақ тыйым салынған препараттарды қолдану мен таратудың салдары, оның ішінде қоғамдағы өмірге теріс әсер етуі мүмкін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы профилактикалық сипаттағы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Студенттер тақырыптық викторинаға белсенді қатысып,  оларға профилактикалық бейнероликтер көрсетілді.

Негізгі тәуекел тобына кіретін мақсатты аудиторияны барынша қамти отырып, профилактикалық жұмысты ұйымдастыру мақсатында осыған ұқсас дәрістерді өткізу кестесі әзірленді және бекітілді.

Осы бағыттағы алдын алу жұмыстары жалғасатын болады.