«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес Күнінің қарсаңында «Қымбат маған өмірім!» облыстық сырттай ең үздік буклет байқауының қорытындысы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес Күнінің қарсаңында «Қымбат маған өмірім!» облыстық сырттай ең үздік буклет байқауының қорытындысы

Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күнінің қарсаңында Ақмола облысының білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалармен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы  2021 жылдың 26 карашасы күні ең үздік буклет бойынша «Қымбат маған өмірім» облыстық сырттай байқауының қорытындысын шығарды.

Байқаудың мақсаты оқушыларды ЖИТС-тің алдын-алу проблемаларына саналы түрде қарауға мотивациялау, олардың белсенді өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру.

Байқауда жалпы білім беретін мектеп оқушыларының, балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталықтары тәрбиеленушілерінің – барлығы 52 білім алушының жұмысы қаралды.

Графикалық редакторларда өңделген буклеттер қалың жылтыр қағаздан жасалып, түрлі-түстілігімен, сонылығымен, креативтілігімен ерекшеленді.

Буклеттер мазмұндылығы және шығармашылық тәсілі критерийлері бойынша  бағаланды.

Қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын қарастырып, келесі жеңімпаздарды анықтады:

 11-14 жас аралығы:

1 орын –Визнер Виктория– Бурабай ауданы, Баянбай ауылы

2 орын – Мутафиди Виктория – Есіл ауданы, Свободное ауылы

2 орын – Мусурова Аяжан – Жақсы ауданы,

3 орын – Пушкарев Роман – Степногорск қаласы,БЖШО

3 орын –Тюфякова Елизавета– Бурабай ауданы Акылбай ауылы

3 орын – Орынбай Асыл– Зеренді ауданы, Өзен ауылы

15-17жас аралығы:

1 орын - Оразова Нұрайым – Қорғалжын ауданы БЖШО

2 орын - Сайланова Айдана – Біржан Сал ауданы

2 орын – Нұрпейіс Кәмила – Көкшетау қ-сы, Әл-Фараби атындағы ІТ лицейі

3 орын – Хасенова Камила –Есіл ауданы Сайлау Сериков атындағы ОМ

3 орын - Есіл ауданы,Жаныспай ауылы

Жеңімпаздарға Ақмола облысы білім басқармасының дипломдары, сондай-ақ қатысушыларға сертификаттар табысталады.